Еурокомиссия өз қызметкерлеріне TikTok желісін пайдалануға тыйым салды
ЕО атқарушы органдарының шенеуніктері мен қызметкерлерінен қосымшаны 15 наурыздан кешіктірмей жұмыс құрылғыларынан алып тастауды сұрады.
«Еурокомиссия әріптестеріміздің және бізбен ынтымақтасатындардың барлығының киберқауіпсіздігін қорғауға бағытталған. Бұл тұрғыда киберқауіпсіздікке қатысты шешім қабылданды», - деді ішкі нарық мәселелері жөніндегі еурокомиссар Тьерри Бретон.
Еуропалық комиссия сонымен қатар өз қызметкерлерінен TikTok қолданбасын жеке құрылғыларынан да алып тастауларын сұрады.
Соңғы айларда TikTok арқылы Бейжін пайдаланушылардың деректеріне қол жеткізуіне байланысты батыстың назарына ілікті.
АҚШ федералды үкіметінде қосымшаны пайдалануға тыйым салынған, ал кейбір америкалық заң шығарушылар елдегі TikTok жұмысына жаппай тыйым салуға тырысып жатыр.