Еурокомиссия Украинамен ЕО-ға кіру жөніндегі келіссөздерді жалғастыруды қолдайды

АСТАНА. KAZINFORM — Еурокомиссия Украинамен Еуропалық одаққа мүшелікке өту бойынша келіссөздердің алғашқы кластерін ашуды қолдап отыр. Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлады.

Еурокомиссия Украинамен ЕО-ға кіру жөніндегі келіссөздерді жалғастыруды қолдайды
Фото: freepik

— Украина бір реформа артынан екіншісін жүзеге асырып жатыр. Сондықтан комиссия келіссөздердің алғашқы блогын ашуды қолдайды. Украина өз міндеттемелерін орындады — енді біз де өз уәделерімізді орындауға тиіспіз. Себебі мүшелікке қабылдау процесі елдің жетістіктеріне негізделеді, — деп жазды Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, ол:

— Украина алға жылжуға лайық ел, — деп атап өтті.

Алайда Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан Брюссельдегі ЕО саммитінде Украинамен интеграцияға қарсы екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, венгриялықтардың 95%-ы Украинаға ЕО-ға кіру бойынша қолдау көрсетуді құптамайтынын референдумда білдірген.

Бұл референдумға шамамен 2,3 миллион адам қатысқан, яғни Венгриядағы 8 миллионға жуық сайлаушының үштен бірінен де аз.

— Мен Еуропаның басқа елдеріне Венгрияның Украинамен ЕО-ға кіру процесін қолдамайтынын жеткіземін»,— деді Орбан.

Еске сала кетейік, бұған дейін ЕО Таяу Шығыстан өз азаматтарын эвакуациялау үшін азаматтық қорғаныс механизмін іске қосқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар