Еурокомиссия ұшақта 5G және жерүсті көліктерінде wi-fi енгізуге күш салып жатыр

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Комиссия ұшу кезінде әуе кемелерінің бортына 5G технологиясының белгілі бір жиіліктерін анықтайтын мобильді байланыс спектрін енгізу туралы шешімін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еурокомиссия ұшақта 5G және жерүсті көліктерінде wi-fi енгізуге күш салып жатыр

Еуроодақ атқарушы органының баспасөз қызметі ұшақтарға 5G технологиясын енгізу, автобустарды кеңжолақты Wi-Fi-мен қамту Еуропада инновациялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын түсіндірді.

- ЕО рейстеріндегі жолаушылар өздерінің ұялы телефондарының сыйымдылығы мен функцияларын 5G жерүсті ұялы желісіндегідей барынша пайдалана алады, - деп атап өтті Еурокомиссияда.

2008 жылдан бастап Комиссияның имплементациялық шешімі әуе компанияларына ЕО-да ұшатын жолаушыларға хабар алмасу, телефон қоңыраулары және деректер қызметтерін ұсынуға мүмкіндік беретін ұшақтардағы ұялы байланыс үшін белгілі бір жиіліктерді сақтап қалды.

Әуе кемелерінің бортында ұялы байланысты енгізу жөніндегі комиссияның бұл шешімін жаңарту 5G қызметтерін кеңінен қолдануға жол ашады.

Еурокомиссия сонымен қатар 5 ГГц жиілік диапазоны туралы шешімге түзетулер енгізді, бұл жолақтар автомобильдер мен автобустар сияқты жерүсті көліктеріне Wi-Fi желісін қол жетімді етеді.

Имплементациялық шешімге енгізілген түзетуге сәйкес, мүше мемлекеттер жол көліктерінің бортында 5 ГГц жиілік жолағын мүмкіндігінше ертерек және 2023 жылдың 30 маусымынан кешіктірмей қолжетімді етуі керек.


Фото: iconeconomics.com