12:53, 19 Мамыр 2009 | GMT +5
Euromoney халықаралық басылымы Еуразиялық банкті «Қазақстандағы ең сенімді банк» деп таныды
АЛМАТЫ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат - Euromoney беделді халықаралық басылымы Еуразиялық банкті «Қазақстандағы ең сенімді банк» деп таныды.

ҚазАқпарат бұл жайлы аталмыш қаржы құрылымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап деп хабарлайды. Тиісті сертификат басылымның штаб-пәтері орналасқан Лондон қаласында Банк өкілдеріне табыс етілді. «Еуразиялық банкті Euromoney Қазақстандағы ең сенімді банк, әрі ТМД елдеріндегі компаниялар арасында басқаруы үздік деп атады. Еуразиялық банктің артықшылықтары - нарықтағы бағытының айқындылығы әрі жеткілікті дәрежедегі өтімділігі, өсімінің жоғары деңгейі, сондай-ақ банк менеджментінің, корпоративтік басқаруының сапалы жүйесі. Еуразиялық банкке бұл марапат басылымның жетекші банктердің сарапшылары және зерттеу институттарымен бірге өткізген сараптамалық зерттеуінің нәтижесі бойынша табысталды», - деп атап өтті Euromoney Шығыс Еу¬ропа мен ТМД өңірі бойынша директоры Мартин Борн.
«Бұл марапат Еуразиялық банкті отандық банк жүйесінің көшбасшысына айналдыру жоспарымыздың негізділігін дәлелдейді. Халықаралық сарапшылардың пікірі біздің мыңдаған клиенттеріміздің пікірімен сәйкес келетіні тіпті қуантады. Мұны Еуразиялық банктің депозиттік базасының серпінді өсімі көрсетеді. Біздің банктің артықшылығы мол, алайда қазіргі күрделі экономикалық жағдайда сенімділік ең басты құндылық болып отыр», - деп атап өтті «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма Төрағасы Жомарт Ертаев.