Еуроодақ 12 қазаннан бастап елге кіру ережелерін өзгертеді

АСТАНА. KAZINFORM — Осы жылы 12 қазаннан бастап Еуропа елдеріне саяхаттайтын туристер үшін шекаралық бақылау рәсімдеріндегі елеулі өзгерістер болады, деп жазды АЗЕРТАДЖ.

Еуроодақ 12 қазаннан бастап елге кіру ережелерін өзгертеді
Фото: Pixabay.com

Дәл осы күні Еуропалық Одақ дәстүрлі паспортқа мөр басу жүйесінің орнына, цифрлық биометриялық сканерлеуге негізделген жаңа Кіру/Шығу жүйесін (EES) іске қосады. Бұл жүйе ЕО-ға кірмейтін елдердің азаматтарына қолданылады.

Биометриялық деректерді тапсырудан бас тартуға болмайды — мұндай жағдайда кіруге рұқсат берілмейді. Жиналған деректер үш жыл бойы сақталып, содан кейін автоматты түрде жойылады.

Жаңа жүйе Кипр мен Ирландиядан басқа барлық ЕО елдерінде, сондай-ақ ЕО-ға кірмейтін Шенген аймағының төрт мемлекетінде — Исландия, Лихтенштейн, Норвегия және Швейцарияда қолданылады.

EES жүйесінің іске қосылуы алдағы тағы бір маңызды өзгеріске дайындық кезеңі ретінде қарастырылады — ол Еуропалық ақпараттық және сапарға рұқсат беру жүйесінің (ETIAS) енгізілуі. Бұл жүйе 2026 жылдың соңында іске қосылады.

ETIAS жүйесі бойынша, ЕО-ға кірмейтін елдердің азаматтары Шенген аймағына сапар шегер алдында 20 еуро мөлшерінде алым төлеп, алдын ала рұқсат алуы тиіс болады.

Еуропалық Одақ жақында АИТВ-ға қарсы жаңа вакцинаны қолдануға рұқсат берген болатын.

Соңғы жаңалықтар