Еуроодақ 2014 жылғы бюджетті 9,4%-ға қысқартты

Бұл туралы ЕО Кеңесінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бюджет бойынша келіссөздердің осынша уақытқа созылуы бюджеттің таза донорлары болып табылатын ЕО елдерінің Брюссельден шығындарды азайтуын талап етіп, ЕО бюджетін ұлғайту жалғастыру туралы Еуропарламент және Еурокомиссия талаптарын орындаудан бас тартуына байланысты болып отыр. Соңғы кездері еуроодақ елдері еуропалық қорлар мен бағдарламаларға талай қаражат салғанымен, қайтарым шамалы болып отыр.
Еуроодақ бюджеті ЕО алғаш рет 2013 жылмен салыстырғанда бірден 9,4%-ға қысқарды. Бұл барлық бағытта жүргізіліп отырған бюджеттік тәртіп саясатымен байланысты.
19-20 қараша күндері Страсбургте өтетін Еуропарламент сессиясы шеңберінде еуродепутаттар 2014 жылға арналған бюджет және қоғамдастық тарихында алғаш рет құрылымдық дефициті бар 2014-2020 жылдарға арналған перспективалық жеті жылдық бюджет жобасына дауыс беретін болады.