Еуроодақ демографиялық дағдарысқа тап болады – Маск

АСТАНА. KAZINFORM – Илон Маск туу көрсеткішінің төмен болуына байланысты Еуропалық Одақ міндетті түрде демографиялық дағдарысқа тап болатынына сенімді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Илон Маск
Фото: bbc.com

"Бала туу көрсеткішінің деңгейі күрт төмендеп жатыр. Демографиялық құлдырау сөзсіз" деп жазды ол бейсенбі күні X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Осылайша, миллиардер "2022 жылы Еуроодақта 3,88 млн бала дүниеге келген, бұл одақ үшін рекордтық төмен көрсеткіш" деген деректерге түсініктеме берді.

Бұған дейін Маск демографиялық дағдарыс салдарынан тұтас халықтар, соның ішінде Италия, Франция және Жапония мәдениеттері жойылып кетуі мүмкін деп мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Бразилия Жоғарғы сотының алқасы өткен аптада Илон Масктың X әлеуметтік желісін бүкіл ел бойынша толығымен бұғаттау туралы шешімін қолдағанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар