Еуроодақ елдерінде шетелдік көлік жүргізушілерге талап күшейтілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюссель Еуропа Одақтағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік жүргізу куәлігін алу үшін тапсырылатын емтихан жүйесін өзгертуді ұсынды. Емтиханға жіберілетін адамдардың жас мөлшері 17-ден кем болмауы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Еуроодақ елдерінде шетелдік көлік жүргізушілерге талап күшейтілмек

Жалпы өткен жылы Еуроодақтағы жол-көлік оқиғаларында 20 мыңнан астам адам қаза тапты. Оның 40% 30 жасқа дейінгі жүргізушілер. Брюссель 2050 жылға қарай адам өліміне әкелетін жазатайым оқиғалардың санын нөлге дейін төмендету міндеттерін қойып отыр.

Брюссель бастамасының тағы бір маңызды бөлігі – ЕО-ның ірі қалаларындағы шетелдік жүргізушілердің жол ережелерін бұзумен күрес. Еурокомиссияның мәліметінше, жол ережесін бұзған шетелдіктерді анықтау мүмкін болмағандықтан миллиондаған заң бұзушылықтар жазасыз қалады.

Еурокомиссия қоғамдық жолда көлік жылдамдығын 50 км/сағ-тан асыратындарға бүкіл ел бойынша көлік жүргізуге тыйым салғысы келеді. Сонымен қатар бірыңғай цифрлық жүргізуші куәлігін енгізуді қолдап отыр. Бірақ бұл өзгерістер әлі талқыланып жатыр.