Еуроодақ Еуропа күнін атап өтеді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бүгін Еуроодақ елдерінде жыл сайынғы бейбітшілік пен бірлік мерекесі - Еуропа күні аталып өтіледі. Ол сондай-ақ ЕО құрылудың бастауын салып берген «Шуман Декларациясы күні» ретінде де белгілі.
None
None

Осы мерекелі күнге байланысты Еуропарламент төрағасы Мартин Шульц атап өткендей, «соңғы бес жылдың ішінде «дағдарыс» сөзі Еуропамен байланыстырылып келді. Кейбір еуропалықтар ЕО-ны үміт емес, қасірет көзі, пана емес, қауіп ретінде көре бастады».

Осыған байланысты, оның пікірінше, Еуропа күні өткен жетістіктерді ғана атап өтетін күн болмауы тиіс. Ол күні ой елегінен өткізіп, топтасуға және негізіне еуропалық жоба алынған ынтымақтастықты қайтадан сезінуге қызмет етуі тиіс.

«Еуропа ХХІ ғасырдың қатерлерімен күресте және алда тұрған міндеттерді шешуде, халықаралық сауда немесе жаһандық жылыну, көші-қон немес қауіпсіздік салаларында болсын, біздің таңдаулы құралымыз болып табылады», - деді Еуропарламент басшысы М.Шульц.

Еуропа күні еуропалықтар арасындағы бірлікті нығайту үшін құрылған еуропалық символдың бірі болып табылады. Бұл мереке Еуроодақ елдерінде 1950 жылғы 9 мамырдағы Шуман декларациясы қабылданған күн құрметіне аталып өтіледі. Оған сәйкес Еуропалық одақтың алғашқы нұсқасы Еуропалық қоғамдастық құрылды. Еуропа күнін 9 мамырда атап өтуді 2008 жылғы қазанда Еуропалық парламент ресми бекітті.

Соңғы жаңалықтар