09:00, 12 Шілде 2022 | GMT +5
Еуроодақ қаржы-экономикалық жағдайдың нашарлауына дайындалып жатыр
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық одақта инфляция күрт өсіп, экономикалық өсім перспективалары нашарлауда. Бұл тенденцияларды еуроаймақ елдерінің қаржы министрлері дүйсенбі күні Брюссельде өткен кездесуде айтты. Нидерланды өкілі әріптестеріне Ресей мен Украина төңірегіндегі жағдай аясында бірінші кезекте жанар-жағармай мен азық-түлік бағасының өсуі жалғаса беретінін негізге алуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews.com сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ министрлер алдағы қыста Ресей газ жеткізуді күрт азайтса немесе тоқтатса, табиғи газ тапшылығының қаупі артатынына назар аударды. Брюссель энергия бағасының өсуіне байланысты инфляцияның 42%-ға өскенін есептеді.
Еуротоп ортақ валютаның долларға шаққандағы құнын жоғалтып бара жатқанына да алаңдаулы. Валюта бағамы бойынша көрсеткіш паритетке жетті, бұл соңғы 20 жылда алғаш болып тұрған жағдай. Испаниялық Еуропарламент депутаты Еуропа Орталық банкінің батыл әрекет ететін уақыты келді деп есептейді.
Қаржы министрлері еуроаймақтағы алаңдаушылық туғызатын басты мәселе рецессия болуы мүмкін екенін айтты. Ал егер экономиканың өсуі тоқтап, қымбатшылық арта берсе, жұмыссыздықтың өсуімен стагфляция да орнайды.
Фото: news.cgtn.com