Еуроодақ Кеңесінің Бас хатшысы Қазақстанға ЕҚЫҰ-ға алдағы төрағалық етуіне табыс тіледі
деп хабарлайды ҚР Брюсселдегі елшілігі.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі, атап айтқанда, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық етуі, әлемдік қаржылық дағдарыс, халықаралық қауіпсіздік, ядролық проблемалар және т.б. мәселелер талқыланды.
«ЕҚЫҰ қызметі бойынша айқындалған басымдықтарды ескере отырып Қазақстан қазіргі заманғы ең өзекті мәселелер бойынша Еуроодақ- ЕҚЫҰ форматында диалогты барынша пайдалануға ниет танытып отыр», - деп атап айтты қазақстандық дипломат.
Ағымдағы жылғы мамырда болып өткен ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин мен Х.Солананың кездесуі барысында Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы әріптестікті жылжыту туралы жаңа келісімді әзірлеу идеясы қолдау тапты.
Елші Бас хатшыға Мемлекет Басшысының тамыздың 29-ын Дүниежүзілік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялау туралы бастамасын хабарлады. Тараптар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Халықаралық атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің бақылауымен Қазақстан аумағында ядролық отынның халықаралық банкін құру туралы ұсынысын талқылады.
Еуроодақ Кеңесінің Бас хатшысы Х.Солана ядролық қаруды таратпау саясатын, жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті іске асырудағы Қазақстанның және оның Президентінің қосқан қомақты үлесін жоғары бағалады, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына алдағы 2010 жылы төрағалық етуіне табыс тіледі.