Еуроодақ көшбасшылары шұғыл саммит өткізбек
АСТАНА: KAZINFORM – Еуропалық Кеңес төрағасы Антониу Кошта 24 қараша күні Еуроодақ көшбасшыларының кезектен тыс саммитін өткізбек, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Хабарламада жиын барысында АҚШ-тың Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі ұсыныстары талқыланатыны айтылған.
-Біз АҚШ-тың Украина бойынша соғысты тоқтатып, бейбітшілік орнату жөніндегі күш-жігерін оң бағалаймыз. 28 бөлімнен тұратын жоспардың алғашқы жобасына әділ әрі тұрақты бейбіт өмірді қалыптастыруға бағытталған элементтер бар. Біз бұл жобаға жетілдіруді қажет ететін негіз керек деп есептейміз,-деді А.Кошта.
-Жұмыс жүріп жатыр. Мен ЕО-ның 27 көшбасшысын Луандада, дүйсенбі күні ЕО-АО саммиті аясында Украина бойынша өтетін кездесуге шақырып отырмын,-деді ол.
24-25 қарашада Луанда қаласында (Ангола) «ЕО-Африкалық Одақ» саммиті өтеді. Саяси және экономикалық ынтымақтастық Еуроодақтың ағымдағы саясатының басым бағыты.
Әдетте Еуроодақ саммиті Брюссель қаласында өтетін және онда ЕО күн тәртібіндегі маңызды мәселелер талқыланады. Енді 27 мүше мемлекеттің кезекті саммиті 18-19 желтоқсанда еуропа астанасында өтеді деп жоспарланып отыр.
Осыған дейін ЕО, Украина АҚШ-тың бейбітшілік жоспарын 23 қарашада талқылайтыны туралы жаздық.