Еуроодақ пен АҚШ елдерінің дипломаттар тобы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысымен танысты

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановтың Еуроодақ және АҚШ елдерінің дипломаттар тобымен кездесу болып өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚХА-ның баспасөз қызметінен.

Топты өкілетті министр, Еуропалық одақтың ҚР-ғы Өкілдігінің саясат, баспасөз және ақпарат бөлімінің басшысы Камен Величков басқарады. Жүздесуге Еуроодақ тарапынан Австрия, Болгария, Испания, Франция, ГФР Елшіліктерінің дипломаттары қатысты.

Басқосуға Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігі бастамашы болды. Оның мақсаты - елдің мәдениетаралық диалогы саласындағы тәжірибесімен, ұлттық ықпалдастық және Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің азаматтық қоғам және мемлекеттің диалогтық алаңы ретіндегі бағыттарымен танысу.

Пікір алмасу барысында Н.Ә.Назарбаевтың ұлысаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі ұсынылды, Мемлекет басшысының ұлысаралық қарым-қатынастарды үндестірудегі саяси ерік-жігерінің маңызы атап өтілді. Дипломаттар Ассамблеяның қазіргі заманғы кезеңдегі міндеттерімен, халықаралық жұмысымен танысып, мемлекеттік ұлттық саясатты өткізудің қыр-сырлары және механизмдері, этникалық топтардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттарды іске асыруы туралы нақты түсініктер алды.

Еуроодақтың өкілдері Қазақстанның оң тәжірибесі мен Ассамблеяның ұлысаралық тұрақтылықты сақтауда пен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар