Еуроодақ саммиті Брюссельде өтіп жатыр, Ердоған қатыспайды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Еуропаның астанасында екі күндік Еуроодақ саммиті басталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Еуроодақ саммиті Брюссельде өтіп жатыр, Ердоған қатыспайды
Фото: pixabay

Талқылаудың негізгі тақырыптары ретінде ЕО экономикасының бәсекеге қабілеттілігі, келесі көпжылдық бюджет, қорғаныс және Украинадағы қақтығыс қарастырылады деп жоспарланып отыр.

Осы уақытта Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 20 наурызда Брюссельде өтетін Еуропалық Одақ саммитіне қатыспайды, деп хабарлайды Hurriyet газеті.

Басылымның мәліметінше, президент мұндай шешімді Еуропаның ұстанымы «айқын емес» деген себеппен қабылдаған.

Бұған дейін 19 наурызда Түркия билігі қазіргі президенттің басты саяси қарсыласы – Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу ұсталғанын хабарлаған едік. Ыстамбұл, Анкара, Измир және Ризе қалаларында жаппай шерулер мен наразылық акциялары өтті. Алайда Түркияның ең ірі мегаполисінде жиналыстар мен митингілерге тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар