Еуроодақ тауарларына АҚШ баж салығын енгізсе, қатаң жауап қайтарылатынын ескертті

АСТАНА. KAZINFORM – Еуроодақ өз елдерінен жіберілетін тауарларға АҚШ баж салығын енгізсе, «қатаң жауап қайтармақ», деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Евросоюз
Фото: ИРНА

Бұл туралы Еурокомиссия өкіліне сілтеме жасаған Agence France-Presse хабарлады.

Оның айтуынша, Еуроодақ «төмен тарифтер өсім мен экономикалық тұрақтылыққа ықпал ететініне сенімді», бірақ егер «әділетсіз» тарифтер енгізілсе, ЕО «қатаң жауап береді».

АҚШ президенті Дональд Трамп Канада, Қытай және Мексикадан келетін тауарларға баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Мексика мен Канададан келетін импортқа 25% (Канада энергиясы үшін 10%) тарифтер қолданылады. Қытайдан келетін тауарларға 10 пайыздық қосымша баж салығы салынады.

Жарлық 4 ақпанда күшіне енеді. Канада, Қытай және Мексика АҚШ импорттайтын барлық тауарлар мен қызметтердің үштен бірін құрайды.

Осыған дейін Канада мен Мексика АҚШ-қа қарсы баж салығын енгізетіні туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар