Еуроодақтың Украина бойынша екінші шұғыл саммиті Францияда өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Кездесу сәрсенбі, 19 ақпанда Париж қаласында өтуі мүмкін, деп хабарлайды «Америка дауысы»

Макрон
Фото: Америка дауысы

— Франция осы аптаның басында саммитке қатыспаған еуропалық елдерді, сондай-ақ НАТО одақтасы Канаданы шақырып, сәрсенбіде екінші кездесуді өткізуді жоспарлап отыр, — деп хабарлады сейсенбіде дипломатиялық ақпарат көздері.

Оған Канада, Норвегия, Балтықтағы үш мемлекет (Литва, Эстония және Латвия), Чехия Республикасы, Грекия, Финляндия, Румыния, Швеция және Бельгия қатысады деп шамаланып отыр. Кейбір елдер бейнеконференцияға қатыса алады, деп хабарлады екі дипломат.

Еске сала кетсек, 18 ақпанда Сауд Арабия астанасы Эр-Рияд қаласында АҚШ пен Ресей делегациясы келіссөздері басталды.

Соңғы жаңалықтар