Еуроодақтың құрылу тәжірибесі Кеңес Одағының ізімен келе жатыр - Х Еуразиялық медиа форум

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат -  ЕО-да қазір болып жатқан үрдістерде еш жаңалық жоқ.
None
None

Бұл пікірін бүгін Астанада өтіп жатқан Х Еуразиялық медиа форумында «НИГ» тәуелсіз баспа тобының бас директоры және бас редакторы  Виталий Третьяков (Ресей) мәлім етті.

Оның пайымдауынша, Еуропалық Одақтың құрылу тәжірибесі Кеңес Одағының ізімен келе жатыр.

«Атап айтқанда, кезінде Кеңес Одағы құлдыраған кезде, яғни,  ЕО қазіргі кезде жаңалық деп санап отырған дәл осы себептермен ыдыраған едік. Себебі, кезінде Грузия Ресейге қатысты қалай іс-қимыл жасаса, бүгінде бұндай әрекеттер Грецияда байқалып отыр»,-дейді В. Третьяков.

Осы орайда ол ЕО-да қазір болып жатқан үрдістерде еш жаңалық жоқ екенін, сондай-ақ кеңестік кезеңде де бірыңғай валюта болғанын, яғни бүгінгі үрдістер Кеңес Одағы кезенді өткерілгенін тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар