Еуроодақтың Сыртқы істер министрлері Ресейге қарсы санкцияларды талқылауы мүмкін

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуроодақтың Сыртқы істер министрлері 17 қазанда Люксембургте өтетін отырыста Сирияның Алеппо қаласын бомбалауына қарсы жауап ретінде Ресейге салынатын санкцияларды талқылауы мүмкін. Бұл туралы «ҚазАқпаратқа» дипломатиялық ақпарат көзі хабарлады.
None
None

«Біз Сирия бойынша Ресейге қарсы санкциялар мәселелері бойынша Еуроодақтың бірқатар елінің ресми тұлғаларының мәлімдемелерін естідік. Қазіргі таңда нақты ұсыныстар жоқ. Алайда бұл министрлер арасындағы ашық пікір алмасу болады және әрқайсысы жеке ұсыныс жасай алады», - деді дипломатиялық ақпарат көзі.

Сондай-ақ, ол санкцияларды енгізу үшін бұл шешімді ЕО-ға мүше 28 ел құптауы тиіс екенін айтты.

«ЕО-ның Шығыс Алеппо мен Сириядағы қоршауға алынған өзге аудандарға көмек жеткізу бойынша гуманитарлық бастамаларды талқылау басты назарда болады деп күтеміз. Сондай-ақ оны саяси үдеріс үшін қалыпқа келтіру маңызды», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Еуроодақта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сирия үстінде ұшуға тыйым салуы керек деп санайды. Алайда бұған қол жеткізу оңай емес. 

Соңғы жаңалықтар