Еуроодақтың жұмыссыздары ең көп елдері аталды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуродақтың 19 елінде жұмыссыздық 2017 жылғы ақпанда 9,5%-ды құрады. Сонымен қатар тұтастай Еуропалық одақ бойынша бұл көрсеткіш 8%. Бұл деректерді дүйсенбіде ЕО-ның «Евростат» статистикалық қызметі таратты, деп хабарлады Брюссельдегі «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
None
None

Ақпанда ЕО-да 19,750 млн., оның ішінде еуроаймақта 15, 439 млн адам жұмыссыз тіркелді. Бұл деңгей Еуроодақта 2009 жылғы ақпаннан бастап ең азы болып табылады. ЕО-да жастар арасында жұмыссыздар 3,905 млн. немесе 25 жасқа дейінгі жастардың жалпы санынан 17,3%, оның 2,722 млн. еуро аймағына (19,4%) келеді.

Өткен аймен салыстырғанда, жұмыссыздар саны ЕО-да 153 мыңға, еуроаймақта 140 мыңға қысқарған. 2016 жылғы ақпанмен салыстырғанда, ЕО-да 1, 852 млн және Еуро аймақта 1,246 млн, азайды. Еуроодақ елдері арасында жұмыссыздардың ең көп көрсеткіші - Чехия (3,4%), Германия (3,9%), Мальтеде (4,1%), ал ең жоғары - Грекияда(23,1%), Испанияда (18%) тіркелді.

Соңғы жаңалықтар