Еуропа әуежайларында қол жүгіндегі сұйықтыққа қатысты шектеулер жеңілдеуі мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Еуропа әуежайларында жаңа тексеру жабдықтарының орнатылуы жолаушыларға көлемі үлкенірек сұйықтық құтыларын бортқа алып кіруге мүмкіндік беруі мүмкін. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Еурокомиссия құрлық әуежайларына ірі көлемдегі контейнерлердің ішін сканерлей алатын жабдықтар орнатуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде бірнеше әуежайда жарылғыш заттарды анықтай алатын заманауи жүйелер іске қосылған. Еурокомиссия сарапшылары олардың жұмысын оң бағалаған. Енді бұл бастамаға қатысты түпкілікті шешімді Еуропалық азаматтық авиация конференциясы қабылдайды.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес, жолаушыларға көлемі 100 мл-ден асатын сұйықтықты қол жүгінде алып өтуге тыйым салынған (дәрі-дәрмек пен балалар тағамынан басқа).
Алайда қазіргі уақытта барлық еуропалық әуежайларда мұндай заманауи жабдық орнату мүмкіндігі жоқ екені айтылып отыр.
Айта кетейік, Еуропалық Одақ АИТВ-ға қарсы жаңа вакцинаны қолдануға рұқсат берді.