Еуропа банктері күйреуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуроодақтың қаржылық секторы жаңа капитал тарту мәселесі мен несиелер бойынша дефолт кесірінен қиын жағдайға тап болды. ЕО банктеріне бухгалтерлік баланстағы «саңылауды» жабу үшін 150 млрд. еуродан астам қаржы керек, деп ескертті Deutsche Bank
None
None

бас экономисі Дэвид Фолькертс-Ландау. Бұл туралы Утро.ру хабарлады.

«Еуропа ауыр дертке шалдықты», - деді ол Welt am Sontag неміс басылымына берген сұхбатында. Банкирдің пікірінше, тез арада ақша аударылмаса, ЕО банк жүйесін күйреу қаупі күтіп тұр.

Фолькертс-Ландау 2008 жылы АҚШ-тағы банк секторын ретке келтіру үшін 500 миллиард доллар кеткенін еске салды. Одан үш есе аз қаржымен Еуропаны құтқарып қалуға болады. Бірақ, бұл міндетті нормативтерді құрбандыққа шалуды талап ететін өте өзекті мәселе деп санайды ол. 

Бәрінен бұрын қаржыгер Италияның банк жүйесі үшін алаңдаулы. Ондағы мерзімі өтіп кеткен несиелер көлемі 350 млрд. еуроға жетті және күннен-күнге артып келеді. Фолькертс-Ландаудың бағалауынша, оны құтқару үшін кемінде 40 млрд. еуро қажет.

Еуропалық банктер балансындағы мерзімі өткен несиелердің жалпы көлемі 2 млрд. еуроға жеткен.

РФ Сбербанк сарапшылары италиялық банктерді құтқарудың соңы еуроаймақ үшін ауқымды экономикалық дағдарысқа ұласатынын мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар