Еуропа чемпионаты: футболдан Қазақстан жастар құрамасы Англиядан жеңілді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Қазақстан 21 жасқа дейінгі құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Ақтөбеде Англия құрамасына есе жіберді.
Кездесу барысында англиялық футболшылар басымдық танытты. Ойынның 18-минутында олардың қатарынан Этан Нванери есеп ашса, 23-минутта Джоб Беллингем көздеген нысанасын мүлт жіберген жоқ.
Осылайша отандастарымыз қарсыласынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларымен ойнайды.
Олар 5 маусым күні Астанада Андоррадан 1:0 есебімен басым түсті.
Енді қазақстандық жастар 9 қазанда 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Андоррамен ойнайды.
Құрлықтық доданың іріктеу кезеңі 2026 жылдың 6 қазанында мәресіне жетеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Оқжетпесті» тағы да ірі есеппен жеңді.