Еуропа чемпионаты: Қазақстан футзал құрамасының қарсыласы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі өтпелі матчындағы қарсыласы анықталды.

Қазақстан футзал құрамасының қарсыласы анықталды
Фото: ҚФФ

Жарыстың аталған сатысындағы ойындардың жеребесі тартылды. Оған барлығы негізгі кезеңде екінші орын алған 8 құрама қатысады. 

Плей-офф екі матчтан тұрады. Олар үйде және сырт алаңда болады. Ойындар 15-24 қыркүйек аралығында өтеді.

Қазақстан футзал құрамасы жарыстың аталған сатысында Илаиямен шеберлік байқасады.
Қазақстан футзал құрамасы негізгі кезеңде өз тобында екінші орын алды. Онда Албания (2:0, 4:2), Армения (4:4, 2:4), Дания (2:3, 7:3) құрмаларымен ойнады.

Айта кетсек, бұл турнир Латвия мен Литва, Словения елдерінде өткізіледі.
Бұған дейін турнирді бірлесіп қабылдайтыны белгілі болған Латвия мен Литва өз мәртебесін сақтап қалды. Ал Словения үшінші қабылдаушы ел ретінде бекітілді.

Қатысушы елдер мен инфрақұрылымдық мүмкіндікті жан-жақты сараптағаннан кейін атқарушы комитет Словенияны таңдады. Любляна қаласы 2018 жылғы турнирді жоғары деңгейде өткізген еді. 

Соңғы жаңалықтар