Еуропа чемпионатында ойнайтын барлық құрама белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысында бақ сынайтын барлық құрама белгілі болды.

футбол
Фото: Рixabay

Құрлықтық доданың финалдық сатысына соңғы үш жолдама Ұлттар лигасы плей-офф сатысы арқылы анықталды.

Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы финалында Грекияны пенальтиден жеңіп кеткен Грузия Еуропа чемпионатына алғаш рет жолдама алды.

Айта кетсек, Грузия жартылай финалда Люксембургті 2:0 есебімее жеңсе, Грекия Қазақстанды 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ, Ұлттар лигасы А жолымен Уэльс пен Польша кездесуінің негізгі кезеңі 0:0 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында польшалық футболшылар 5:4 есебімен жеңді. 

Ал В жолымен Украина құрамасы Исландиядан 2:1 есебімен басым түсті.

Нәтижесінде Грузия, Польша, Украина құрамалары құрамалары құрлықтық додада бақ сынайтын болды.

Құрамалардың топқа бөлінуі мынадай:

  • А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.
    B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.
    С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.
    D тобы: Польша, Нидерланд, Австрия, Франция.
    E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина
    F тобы: Португалия, Грузия, Түркия, Чехия.

Финалдық кезең 14 маусымда Германия мен Шотландия кездесуімен ашылады. Финал 14 шілдеге белгіленген.

Соңғы жаңалықтар