Еуропа чемпионатындағы ең жас футболшы кім

ямаль
Фото: instagram.com/lamineyamal

АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылғы Еуропа чемпионатында ең жас футболшы санатында испаниялық Ламин Ямал көш бастап тұр.

Испаниялық «Барселона» командасының жартылай қорғаушысы Ламин Ямал 2007 жылдың 13 шілдесінде дүниеге келген.

Енді бір айдан кейін 17 жасқа толады.

Айта кетсек, ол құрлықтық дода тарихында оған 16 жасында қатысатын футболшы атанып отыр.

Бұған дейін польшалық Кацпер Козловский, англиялық Джуд Беллингем 17 жасында Еуропа чемпионатының финалдық сатысында ойнаған еді. 

Одан кейінгі орында франциялық Варрен Заир-Эмри, словакиялық Лео Сауэр, түркиялық Семих Кылычсой, грузиялық Габриэль Сигуа бар.

Жас футболшылардың тізімі төмендегіше:

Ламин Ямаль (Испания) — 16 жаста. 13 шілде 2007 жыл.
Варрен Заир-Эмри (Франция) — 18 жаста. 8 наурыз 2006 жыл.
Лео Сауэр (Словакии) — 18 жаста. 16 желтоқсан 2005 жыл.
Семих Кылычсой (Түркия) — 18 жаста. 15 тамыз 2005 жыл.
Габриэль Сигуа (Грузия) — 19 жаста. 30 маусым 2005 жыл.
Кенан Йылдыз (Түркия) — 19 жаста. 4 мамыр 2005 жыл.
Кобби Мейну (Англия) -19 жаста. 19 сәуір 2005 жыл.
Арда Гюлер (Түркия) — 19 жаста. 25 ақпан 2005 жыл.
Артур Вермерен (Бельгия) — 19 жаста. 7 ақпан 2005 жыл
Жуан Невеш (Португалия) — 19 жаста 27 қыркүйек 2005 жыл.
Кацпер Урбаньский (Польша) — 19 жаста. 7 қыркүйек 2004 жыл. 
Адам Уортон (Англия) — 20 жаста. 6 ақпан 2004 жыл. 

Еуропа чемпионаты 14 маусым-14 шілде аралығында Германияның 10 қаласындағы стадиондарда өткізіледі.

Оған барлығы 24 құрама қатысады. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Еуропа чемпионатында бас жүлдеден үміткер құрамалар анықталған еді. 

Сондай-ақ Еуропа чемпионатына ең көп ойыншы жіберген командаларға тоқталдық. 

Соңғы жаңалықтар
telegram