Еуропа компаниялары Қазақстан нарығына қызығушылық танытуда

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарынан көрінуге барлық мүмкіндігі бар. Бұл туралы Брюссельде өткен Бельгия-Люксембург сауда палаталарының конференциясына қатысқан мамандар мәлімдеді, деп жазады 24.kz.
None
None

Еуропаның сауда және инвестициялық компаниялары қарқынды дамыған Қазақстан нарығына қызығушылық танытып отыр. Еуропа кәсіпкерлері, дипломаттары мен консалтингтік және іскерлік компания өкілдері Кедендік одаққа мүше елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі. Сонымен қатар, сарапшылар бұл елдердің стратегиялық даму бағдарламасын жоғары бағалауда

«Өзінің бағыт-бағдарын жиі өзгертетін елдер бар. Ал кейбір мемлекеттер жүйелі түрде негізгі мақсатты бағындыру жолында еңбек етеді. Олардың қатарына Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерін жатқызамыз», - дейді Беларусь Республикасының Бельгиядағы елшісі Андрей Евдоченко.

Жанно Креке, Люксембургтің бұрынғы экономика министрінің айтуынша, «Қазақстан - дамушы мемлекет. Оның экономикасына әлем халқы көз тігіп отыр. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ елі әлемдік нарықтағы маңызды ойыншыға айналды. Әлеуеті ауқымды, қарқынды, дамушы ел экономикасы біздің мамандардың қызығушылығын туғызуда. «Қазақстан-2050» стратегиясы ел экономикасына тартылатын инвестицияны арттырып, Еуропаның заманауи технологияларының экспортына жол ашпақ».

Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында ғылымға негізделген өндірісті дамыту, біліктілігі жоғары техникалық мамандарды дайындауды тапсырды. Бұл мәселе әлем елдері үшін де өзекті. Еуропада біліктілігі жоғары инженерлер, физика, биология, химия саласының мамандары тапшы. Ал Қазақстан стратегиясы енді бірер жылда өз жемісін бермек.

Соңғы жаңалықтар