Еуропа лигасы: ширек финалға кімдер жолдама алады
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалының қарымта ойындары өтеді.
Жарыстың аталған сатысында барлығы он алты команда сынға түседі. Олардың қатарында «Ноттингем Форест» (Англия), «Болонья» (Италия), «Сельта» (Испания), «Штутгарт» (Германия) командалары бар.
Он алты команда сегіз жұп бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жеңімпаз команда 1/8 финалға жолдама алады.
19 наурыз
«Рома» (Италия) - «Болонья» (Италия) (бірінші ойын 1:1)
«Астон Вилла» (Англия) - «Лилль» (Франция) (1:0)
«Бетис» (Испания) - «Панатинаикос» (Грекия) (0:1)
«Порту» (Португалия) - «Штутгарт» (Германия) (2:1)
«Лион» (Франция) - «Сельта» (Испания) (1:1)
«Фрайбург» (Германия) - «Генк» (Бельгия) (0:1)
«Мидтьюлланн» (Дания) - «Ноттингем Форест» (Англия).
Бұл кезеңде Португалияның «Брага» клубы Венгрияның «Ференцварош» командасын (4:0, 0:2) қапы қалдырып кетті.
Ал негізгі кезеңде алғашқы сегіздікте болған «Олимпик Лион» (Франция), «Астон Вилла» (Англия), «Мидтьюлланн» (Дания), «Реал Бетис» (Испания), «Порту» (Португалия), «Брага» (Португалия), «Фрайбург» (Германия), «Рома» (Италия) командалары 1/8 финалға бірден жолдама алды.
Финал 20 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы «Бешикташ» стадионында өткізіледі.