Еуропа лигасы: «Астана» елордада «Лудогорецтен» басым түсті

Бүгінгі кездесуде командалар тартысты ойын өрбітті. Алғашқы минуттан қақпа маңында шабуыл ұйымдастырды. Есепті 34-минутта болгариялық клубтан Ноа Сундберг ашты. Ойынның 40-минутында елордалық клубтан Жарко Томашевич таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңде «Астана» футболшысы Александр Марочкин мергендік танытып, қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 2:1 еесбімен басым түсті.
Қарымта кездесу 17 тамызда болады.
Елордалық «Астана» Еуропа лигасы плей-офф сатысына шыққан жағдайда Нидерландтың «Аякс» клубымен кездеседі.
Аталған командаа есе жіберген жағдайда «Астана» Конференция лигасы плей-офф сатысында «Валмиера» (Латвия) және «Партизани» (Албания) жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.
«Астана» бұдан бұрын Чемпиондар лигасында Грузияның «Динамо Тбилиси» клубынан (1:2, 1:1) айласын асырса, одан кейін Хорватияның «Динамо Загреб» командасына (0:4, 0:2) есе жіберді.