Еуропа лигасы: «Астана» сырт алаңда «Лудогорецпен» қарымта ойын өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында «Астана» сырт алаңда «Лудогорец» (Болгария) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуропа лигасы: «Астана» сырт алаңда «Лудогорецпен» қарымта ойын өткізеді

Кездесу 17 тамыздан 18-не қараған түні елорда уақытымен 00:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесуге Англиядан келген Энтони Тейлор бас төреші болады. Оған отандастары Константин Хадзидакис пен Нил Дэвис көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші австралиялық Джарред Джиллетт.

Алғашқы ойында қазақстандық команда қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Елордалық «Астана» Еуропа лигасы плей-офф сатысына шыққан жағдайда Нидерландтың «Аякс» клубымен кездеседі.

Аталған команда есе жіберген жағдайда «Астана» Конференция лигасы плей-офф сатысында «Валмиера» (Латвия) және «Партизани» (Албания) жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

«Астана» бұдан бұрын Чемпиондар лигасында Грузияның «Динамо Тбилиси» клубынан (1:2, 1:1) айласын асырса, одан кейін Хорватияның «Динамо Загреб» командасына (0:4, 0:2) есе жіберді.

Айта кетсек, «Астана» 2015-2016 жылғы кезеңде Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде ойын көрсетті.

Ал 2016, 2017, 2018 жылдарда Еуропа лигасы топтық кезеңінде сынға түсті.