Еуропа лигасы: Бірінші кезеңінен кейін «Қайрат» жеңіліп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат- Футболдан Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындар өтіп жатыр. Алматының «Қайраты» Чехияда Оломоуц қаласының «Сигма» командасымен кездесіп, бірінші кезеңнен кейін 0:1 есебімен жеңіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуропа лигасы: Бірінші кезеңінен кейін «Қайрат» жеңіліп жатыр

Қазірге дейінгі жалғыз доп 21-минутта «Қайрат» қақпасына соғылды. Ол «Сигма» ойыншысы Мартин Сладкидің еншісіне жазылды. Сондай-ақ, дөрекі қимылына байланысты «Қайраттың» қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев  38-минутта қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Жалпы, аталмыш ойында алаң иелерінің басымдығы байқалып отыр. Олар бірнеше мәрте қауіпті шабуылдар ұйымдастырып үлгерді.

Қос команданың жеңімпазы Испанияның «Севилья» және Литваның «Жальгирис» жұбынан үздік шыққан клубпен кездеседі. Олар да бүгін өзара тартысқа түседі. Ойындар 23 және 30 тамыз күндері өтеді.