Еуропа лигасы: Бірінші кезеңнен кейін «Астана» мен «Ренн» тең ойнап жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәл қазір елордадағы «Астана-арена» стадионында Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі екінші турда «Астана» Францияның «Ренн» командасын қабылдап жатыр. Бірінші кезеңде қос команда есеп аша алған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елордалық клубтың бас бапкерінің міндетін атқарушы Григорий Бабаян алғашқы минуттан Ненад Эрич, Евгений Постников, Марин Аничич, Антонио Рукавина, Дмитрий Шомко, Ричард Алмейда, Иван Маевский, Бактиер Зайнутдинов, Педро Энрике, Марин Томасов және Жуниор Кабананга секілді жігіттерге сенім білдірді. Ал «Ренн» клубының бас бапкері Абдулай Диалло, Мехди Зеффан, Дамьен Да Силва, Клеман Гренье, Джеймс Леа Силики, Бенжамен Буриго, Бенжамен Андре, Людовик Бааль, Жереми Желен, Денис-Вий Поа және Мбай Ньянг ойын басынан жасыл алаңға шығарды.
Бірінші кезеңде доп негізінен біздің жігіттердің иелігінде болды. Есеп ашуға бірнеше мүмкіндік туғанымен ол голға айнала қойған жоқ. 20-минутта Марин Томасов «Ренн» қақпасы аумағына әуелете доп берген еді. Ол біздің шабуылшымыз Жуниор Кабананганың дәл алдынан өте шықты. Осындай мүмкіндікті «Астананың» тағы бір ойыншысы Ричард Алмейда да пайдалана алған жоқ. Ал бірінші кезең аяқталар тұста Марин Аничич те «Ренн» қақпасын дәл көздей алған жоқ.
Біз бұдан бұрын «Ренн» командасы жөнінде жан-жақты баяндап берген едік.
Сондай-ақ, бүгін K тобындағы Чехияның «Яблонец» және Украинаның «Динамо» (Киев) командалары кездеседі. Ойын Астана уақытымен 01-00-де басталады.