Еуропа лигасы: Бірінші кезеңнен кейін «Тобыл» «Пюникпен» тең түсіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәл қазір Армения астанасы - Ереван қаласында футболдан Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде Қостанайдың «Тобылы» жергілікті «Пюник» командасымен кездесудің екінші кезеңі басталды. Кездесудің бірінші кезеңі 0:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуропа лигасы: Бірінші кезеңнен кейін «Тобыл» «Пюникпен» тең түсіп жатыр

Алғашқы минуттан «Пюник» сапында Драгоевич, Григорян, Аветисян, Корян, Трусевич, Войнов, Дмитриев, Айрапетян, Кадьо, Овсепян, Жестоков жасыл алаңға шықса, «Тобыл» құрамында Непогодов, Кассай, Мирошниченко, Дмитренко, Квеквескири, Нұрғалиев, Канкава, Жулпа, Нөсербаев, Быстров, Федин болды.

Ойынның бастапқы кезеңінде «Тобылдың» басымдығы байқалып тұрды. Олар тезірек гол соғып алу мүмкіндігін іздеді. Оның себебі белгілі. Сырт алаңда соққан гол командаға қосымша мүмкіндік беретіні рас. Бұл жағдайда алаң иелері кем дегенде үш доп соғуға тырысады. Бірінші кезеңде қос команда да қауіпті сәттер ұйымдастыра алған жоқ.

Естеріңізге сала кетелік, екі команда арасындағы Қостанайда өткен кездесуде «Тобыл» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Әзірге олардың бұл жеңісі команданы жарыстың үшінші іріктеу кезеңіне алып шығып отыр.