17:40, 12 Тамыз 2015 | GMT +5
ЕУРОПА ЛИГАСЫ: «Бордо» - «Қайрат» командаларының кездесуі «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде Алматының «Қайраты» командасы сырт алаңда Францияның «Бордо» футбол клубымен кездеседі.

Матч «Қазақстан» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілетін болды. Бұл туралы бүгін «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады.
Ойын үстіміздегі жылы 21 тамызға қараған түні Алматы уақыты бойынша сағат 00:30-да Бордо қаласының «Нуво Стад де Бордо» стадионында басталады.
Ал қарымта матч 27 тамыз күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді.