05:49, 25 Сәуір 2014 | GMT +5
Еуропа Лигасы: «Севилья» «Валенсиядан» басым түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испаниялық «Севилья» Еуропа Лигасының бірінші жартылай финалдық матчында өз алаңында осы елдің тағы бір командасы «Валенсияны» ұтты. Кездесу 2:0 есебімен аяқталды.
Голдарды Стефан Мбиа 33-минутта және Карлос Бакка 36 минутта салды. Қарымта ойын 1 мамырда өтеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.