Еуропа лигасы: Топтық кезеңнің жеребесі тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еуропа лигасы: Топтық кезеңнің жеребесі тартылды

А тобы: «Байер» (Германия), «Лудогорец» (Болгария), «Цюрих» (Швейцария), АЕК (Ларнака, Кипр).

B тобы: «Ред Булл Зальцбург» (Аустрия), «Селтик» (Шотландия), «РБ Лейпциг» (Германия), «Русенборг» (Норвегия).

C тобы: «Зенит» (Ресей), «Копенгаген» (Дания), «Бордо» (Франция), «Славия» (Прага, Чехия).

D тобы: «Андерлехт» (Бельгия), «Фенербахче» (Түркия), «Динамо» (Загреб, Хорватия), «Спартак» (Трнава, Словакия).

E тобы: «Арсенал» (Лондон, Англия), «Спортинг» (Лиссабон, Португалия), «Карабах» (Әзербайжан), «Ворскла» (Украина).

 F тобы: «Олимпиакос» (Грекия), «Милан» (Италия), «Бетис» (Испания), «Дюделанж» (Люксембург).

 G тобы: «Вильярреал» (Испания), «Рапид» (Австрия), «Спартак» (Ресей), «Рейнджерс» (Шотландия).

H тобы: «Лацио» (Италия), «Марсель» (Франция), «Айнтрахт» (Германия), «Аполлон» (Кипр).

I тобы: «Бешикташ» (Түркия), «Генк» (Бельгия), «Мальмё» (Швеция), «Сарпсборг 08» (Норвегия).

J тобы: «Севилья» (Испания), «Краснодар» (Ресей), «Стандард» (Бельгия), «Акхисар Беледиеспор» (Түркия).

K тобы: «Динамо» (Киев, Украина), «Астана» (Қазақстан), «Ренн» (Франция), «Яблонец» (Чехия).

L тобы: «Челси» (Англия), ПАОК (Грекия), БАТЭ (Беларусь), «Види» (Мажарстан).

Еуропа лигасы топтық кезеңінде 1-тур - 20 қыркүйекте, 2-тур - 4 қазанда, 3 тур - 25 қазанда, 4-тур - 8 қарашада, 5 тур - 29 қарашада, 5-тур - 13 желтоқсанда ойналады.
Біз бұдан бұрын Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылатынын хабарлаған едік. «Астана» Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде Кипрдің АПОЭЛ командасын тізе бүктіріп, төртінші жыл қатарынан еурокубок ойындарына жолдама алған еді.