Еуропа Лигасының матчында «Ақтөбе» «Динамодан» ұтылды

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық "Ақтөбе" Еуропа Лигасының плей-офф іріктеу кезеңінің бірінші матчында киевтік "Динамоны" қабылдады, деп хабарлады Vesti.kz.

Еуропа Лигасының матчында «Ақтөбе» «Динамодан» ұтылды

Кездесудің алғашқы минутынан-ақ киевтіктер тарапынан күшті шабуыл басталды. "Динамолықтар" шапшаңырақ гол соғуға құшырланғаны байқалып тұрды. Жанкүйерлердің қызу қолдауына қарамастан, алаң иелері "шашыраңқы" ойнады. Осыны пайдаланған қонақтар 16-минутта Владимир Никитенко командасының сазайын берді.

Қақпаларына гол жіберіп алған ақтөбеліктер есін жинап, қауіпті шабуылдай бастады. Ойынның 37-ші минутында айып доптардың бірі қақпаға кірді. Бірінші қанаттан ұшқан Гейнрихтің добы Тремулиннің тізесіне тиіп қақпаға дөп түсті - 1:1.



Ойынның екінші жартысына "Динамо" бар күшін салғандай. 51-ші минутта Идейе "Ақтөбенің" айып добын тұтып алып, Сидельниковтің жанынан өткізіп жіберді.



Екінші голдан кейін ақтөбеліктердің ұнжырғалары түсіп кетті. Бес минуттен кейін Беланда "Динамоның " үшінші голын соқты.



66-минутта Арзуманянның оң қанаттан соққан добы Хайруллиннің аяғына тиді, бірақ Шовковский қайрат көрсете алмады - 2:3.



Матчтын соңына қарай ойын шиеленісе түсті. Бірақ ойынның есебі өзгермеді - 3:2. Жауап матч 29 тамызда Киевте өтеді.