Еуропа мен Орта Азия өңірінде ЖІӨ өсу көлемі биыл 1%-ға төмендейді - сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық пен өсу қарқыны төмендеген əлемдік экономикаға байланысты Еуропа мен Орта Азия елдері біртіндеп жаңа экономикалық норманы сезініп келеді. Бұл туралы бүгін Дүниежүзілік банктің Еуропа жəне Орта Азия өңіріндегі бас сарапшысы Ханс Тиммер мəлім етті.
None
None

"Еуропа мен Орта Азия өңірінде 2014 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 1,5%-ды құраған. Бірақ, биыл жалпы əлемдік экономиканың жағдайына байланысты өңірдегі ЖІӨ өсімі 1%-ға азаяды деген болжам бар", - дейді Х.Тиммер.

Оның айтуынша, бүкіл əлемде елдердің табысы күрт төмендеп жатқаны байқалуда. Сондықтан, жағдайды дұрыстау үшін елдер өндірісті сауда-саттыққа жатпайтын салалардан сауда-саттық саласына қарай ауыстыруы керек.

"Бүкіл əлем бойынша табыс күрт төмендеп келеді. Бұл жағдай нақты амортизация шараларын қолға алып, бюджетті қайта қарауды талап етеді. Сонымен қатар, өндірісті сауда саласына жатпайтын бағыттардан осы сауда-саттық саласына ауыстыру керек", - деген ол экономикадағы бұл жағдай елдердің əлеуметтік бағдарламалары мен коммерциялық банктердің мықтылығын сынайтын кезең деп атады.

Соңғы жаңалықтар