Еуропа Одағы қылмыстық істер бойынша Қазақстанмен келісімшарт жасасуға құлықты емес - И. Меркель

АСТАНА.  4 қазан. ҚазАқпарат - Еуропа Одағы қылмыстық істер бойынша Қазақстанмен келісімшарт жасасуға құлықты емес.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңын талқылау барысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель осылай мәлім етті.

«Жалпы Еуропалық Одақ аясында құқықтық көмектер көрсету туралы барлық мәселелер, оның ішінде сотталғандарды беру, қылмыскерлерді ұстап беріп, өткізу, экстрадициялау мәселелерінің барлығы қылмыстық іс жүргізу саласындағы 4 конвенция бойынша реттеледі. Осыған орай, Қазақстан тарапынан Еуропалық Одақ кеңесіне аталған 4 конвенцияға қосылу туралы 3 мәрте өтініш жіберілді. Алайда, олар бойынша оң шешім әлі күнге қабылданған емес. Өйткені, Еуропалық Одақ өзінің құрамына кіретін мемлекеттердің  біздің елімізбен қылмыстық істер бойынша көмек көрсетуге қатысты келісімдер жасауын құптамайды», - дейді Иоган Меркель.

Дегенмен, Еуропалық Одақтың ұстанымына қарамастан, Қазақстан мен Испания мемлекеттері Басшыларының арасындағы ерекше достық қатынастың арқасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісімге 2011 жылдың 17 маусымында Астанада қол қойылған болатын. «Шындығында, бұл Қазақстанның Еуропа мемлекетімен қылмыспен күрес саласындағы жасасқан ең бірінші екіжақты халықаралық келісімшарты болып табылады. Конвенция қылмыстық істер бойынша құқықтық көмектер көрсетуді қарастырады», - дейді И. Меркель.    

Соңғы жаңалықтар