Еуропа теңіздерінде медузалар саны артып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Шотландия жағалауында медузалар саны айтарлықтай артқан. Ғалымдар абай болуға және үй жануарларын көзден таса қылмауға шақырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
None

Теңізді қорғау қоғамы (MSC) елде кейінгі бірнеше жылда Еуропада жиі кездесетін осы тіршілік иесінің саны рекордты деңгейге жеткенін хабарлады.

Медузалардың көптігі туралы Шотландия таулы аймақтарының тұрғындары, Сыртқы Гебрид аралдары және Айршир тұрғындары хабарлаған. Алайда, Шотландия бойынша MSC маманы Кэтрин Геммеллдың атап өтуінше, көрсеткіш бойынша рекордты жыл болатыны немесе болмайтыны туралы айту әлі ерте.

MSC 20 жыл бойы медузалардың есебін жүргізіп келеді және жергілікті тұрғындарды ұйымның веб-сайтында табылған тіршілік иелері туралы хабарлауға шақырады.

Медузалар мұхит температурасының өзгеруінің көрсеткіші болып саналады, сондықтан ғалымдар олардың әрекетін бақылайды.

Шотландия жағалауында медузаның әртүрлі түрлері, соның ішінде құлақты медуза және түкті цианея табылды. Бұлардың барлығы шағуы мүмкін, сондықтан олар жағалауда өлі жатса да, оларға қол тигізуге болмайды.

Медузалар адамдар үшін аса қауіпті болмаса да, үй жануарлары үшін қауіпті. Сондықтан саяхатшыларға иттерді серуендету кезінде абай болу ұсынылады.

Медузаның шабуылынан тек Шотландия ғана зардап шегіп жатқан жоқ. Тек осы аптада Жерорта теңізінде жер бетіндегі ең жылы температура - 28,7°C болды. Өйткені медузалар жылы, оттегі жоқ суларда өздерін жақсы сезінеді.

Биыл мыңдаған медуза Мальта мен Гоцо жағалауына шығып қалды, соның салдарынан жергілікті тұрғындар мен туристер көптеген танымал айлақтарда шомыла алмай қалды.


Соңғы жаңалықтар