Еуропада алты айда 400 мыңға жуық адам босқын мәртебесін сұраған

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропалық босқындар мәселелері жөніндегі агенттіктің мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында босқын мәртебесін сұраушылар саны едәуір қысқарған, деп хабарлайды DW.

босқын
Фото: Азертадж

Маусым айының соңына дейін 399 мың өтініш берілген. Бұл — 2024 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 114 мыңға аз, яғни 23 пайызға төмен.

Германия бірнеше жылдан бері алғаш рет Еуропада ең көп босқын қабылдаған ел болудан қалды. Енді көшбасшылар қатарына:

  • Франция (78 мың),

  • Испания (77 мың),

  • Германия (70 мың),

  • Италия (64 мың) кіріп отыр.

Бұл статистика Еуроодақ елдерімен қатар, Норвегия мен Швейцарияны да қамтиды.

Францияны қоспағанда, ЕО-ның барлық ірі елдерінде босқын мәртебесіне өтініш беру көрсеткіші азайған. Ең үлкен төмендеу:

  • Германияда — 43%,

  • Италияда — 25%,

  • Испанияда — 13% байқалған.

Соңғы онжылдықта алғаш рет өтініш берушілердің басым бөлігі (49 мың адам) Венесуэладан келген. Бұған Сириядағы Асад режимінің әлсіреуі себеп болды деп түсіндіреді агенттік. Венесуэлалықтардың басым бөлігі Испанияға жүгінген.

Алайда оң шешімдер саны да тарихи минимумға дейін төмендеген: алғашқы өтініштердің тек 25 пайызы ғана мақұлданған. Яғни, төрт адамның біреуі ғана босқын мәртебесін алған көрінеді.

Осыдан бұрын 2026 жылдан бастап Чехия мигранттар мен босқындарға қатаң талаптар енгізетінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар