Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету - еуропалық парламентшілердің жұмыс тәжірибесін зерттеу мүмкіндігі

АНА.   Қыркүйектің  3-і.  ҚазАқпарат /Мейрам Байғарин/ - Төртінші сайланған  ҚР  Парламентінің    ІІІ сессиясында  сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев      елдегі  экономикалық  ахуалды  талдаумен  және     дағдарыстан кейінгі  кезеңде   Қазақстан  экономикасының  жедел   дамуын қамтамасыз  ету үшін     Парламент жұмысына  қатысты  берілген   тапсырмалармен   қоса,  Қазақстанның  алдағы  Еуропадағы қауіпсіздік  және ынтымақтастық ұйымына  төрағалығының  маңызы  туралы тағы да  тоқталып өтті.
None
None

«Келесі жыл - еліміз үшін ерекше жыл. Ол аса маңызды тарихи оқиға - Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуімен ерекше болмақ.

Бұл құрметті миссия бізге үлкен жауап­­кершілік жүктейді және сонымен қа­тар бізге кең мүмкіндіктерге жол ашады. Депутаттық корпусты шетелдік әріп­тестерімен белсенді жұмыс, ЕҚЫҰ-ның түрлі комиссиялары мен топтарының, оның Парламенттік Ассамблеясының қызметіне қатысу күтіп тұр»,-  деп  атап көрсетті  Елбасы өз сөзінде,

Бұл мүмкіндікті Ұйымға қатысушы мемлекеттер парламенттерінің жұмысын зерделеп, оны Қазақстанда қолдану үшін пайдалану қажеттігін  айтып  өткен  Президент, «еліміздегі заң шығару үдерісінің сапа­сын едәуір көтеріп, оны еуропалық стан­дарттарға одан әрі жақындата түсу қажет», -  деп  атап   өтті.

Парламент барлық мемлекеттік орган­дармен бірге елдің ЕҚЫҰ төрағасы функ­цияларын орындауына белсенді қатысуға тиіс. Қазақстанның осы міндетті ойдағыдай атқаруы және сол арқылы халықаралық саясаттағы беделі мен абыройын нығай­туы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау - біздің ортақ парызымыз,  деді  Елбасы.

ЕҚЫҰ-ның  Парламенттік  Ассамблеясы    1990  жылы  қабылданған  жаңа Еуропаға    арналған    Париж хартиясының     тиісті тарауларын   жүзеге асыру   аясында  1991  жылы     сәуірдің 2-3-інде өткен   ЕҚЫҰ  елдері  парламентшілерінің Мадрид  конференциясында  құрылған болатын.

Ассамблея   ЕҚЫҰ құзырына қатысты   кең көлемді   мәселелерді   талқылайтын және     олар бойынша  қатысушы мемлекеттер үшін  міндетті  емес      қарарлар  мен       ұсыныстар   қабылдайтын      дербес парламенттік  құрылым  болып   табылады.

Парламенттік Ассамблеяның  Төрағасы,  оның  орынбасарлары мен     қазынашысы     ЕҚЫҰ  Парламенттік  Ассамблеясының   Бюросын құрайды.  Бюро  мүшелері,   ұлттық   делегациялардың басшылары мен    Ассамблеяның    жалпы комитеттерінің  төрағалары    ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының     Тұрақты комитетін   құрайды.  Ассамблея бюджеті  ЕҚЫҰ-ның негізгі бюджетінен    бөлек анықталады.      Бюроның  ұсынысы  бойынша Тұрақты комитет  ЕҚЫҰ  Парламенттік Ассамблеясының  Бас хатшысын   тағайындайды.

ЕҚЫҰ Парламенттік  Ассамблеясының Хатшылығы  Копенгагенде  орналасқан.     Парламенттік Ассамблея   қазіргі  уақытта 315 парламентшіден   тұрады.   Парламенттік  Ассамблея   басқа да  парламентаралық    ұйымдармен,  оның ішінде   Парламентаралық Ассамблеямен  тығыз   байланыс   ұстанады.     Ассамблеяның   бірінші сессиясы 1992   жылы шілденің 3-5-і  аралығында Будапештте  өтті.   Ал 2008   жылы   маусымның  29-ы  мен     шілденің 3-і аралығында    ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының      17-ші сессиясы  Астанада өткен   болатын. 

Ағымдағы  жылы    маусымның  29-ы мен  шілденің 8-і аралығында  Вильнюсте  18-ші сессия өтті.    Қазақстан   делегациясын   оған     Сенаттың     халықаралық қатынастар,  қорғаныс және қауіпсіздік  жөніндегі комитетінің төрағасы   Қуаныш  Сұлтанов бастап   барды.   Қ.Сұлтанов ол  сессияда       тамыздың 29-ын   Жаппай  қырып-жоятын қарудан    бас тартудың  дүниежүзілік күні  деп  жариялау  туралы  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  бастамасын     жария етті. Сенатор Қ.Сұлтановтың    негізгі баяндамасы   орталықазиялық  аймақтағы және    бүкіл әлемдегі  тұрақтылық пен  қауіпсіздікті    қамтамасыз  ету  жөніндегі біздің еліміздің      бастамаларына  қатысты  болды.  

Вильнюсте    қазақстандық   парламентшілер     Литва  Республикасы  Сеймінің  Қазақстан  парламентімен  ынтымақтастық жөніндегі  достық тобының мүшелерімен  кездесті.  Литва   саясаткерлері  екіжақты қарым-қатынастардың даму  деңгейіне  жоғары  баға  берді  және  2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға  төрағалығы  аясында    тығыз   қарым-қатынастарға әзір екендерін   білдірді. 

Қазақстандық парламентшілердің   Ассамблея   қызметіне  және жалпы Ұйымның  қызметіне   қосып  отырған үлестерін ЕҚЫҰ  Парламенттік  Ассамблеясының    беделді  қайраткері,    қазіргі   төрағасы Жоао Соарештің     жоғары  бағалағанын  айта  кету керек.  Ағымдағы жылдың    маусым  айында Ж.Соареш  Алматыға   жұмыс сапарымен  келіп,    Ассамблеяның вице-спикері   Қасым-Жомарт Тоқаевпен  кездескен болатын.

Кездесу  барысында  Қазақстанның   ЕҚЫҰ-ға төрағалық  етуге дайындық мәселелері,  оның ішінде -   парламенттік   желі  бойынша   әзірлік  мәселелері  талқыланды.   Парламенттік  Ассамблея    басшылары  сондай-ақ,    ЕҚЫҰ кеңістігіндегі  сайлаулардың барысын   бақылау     жөніндегі    Ассамблея  миссиясына  қатысу мәселелері  бойынша пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар