Еуропалық ғарыш агенттігі алғаш рет қорғаныс жобаларына назар аудармақ

АСТАНА. KAZINFORM – Еуропалық ғарыш агенттігі (ЕSА) мүше мемлекеттерден алдағы үш жылда 22 млрд еуро қаржыландыру сұрады. Бұл алдыңғы бюджетпен салыстырғанда 36% көп, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі. 

Европейское космическое агентство впервые займется оборонными проектами
Фото: Christoph Hardt/Panama Pictures/picture alliance

26 қараша күні Германияның Бремен қаласында ЕSA-ға мүше 23 мемлекеттің ғарыш министрлерінің екі күндік кездесуі басталды. Онда Еуропаның ғарышта әскери қатысуын нығайтуға арналған 1,35 млрд еуролық бағдарлама ұсынылады. Бұл 1975 жылы азаматтық ұйым ретінде құрылған бұл агенттіктің қорғаныс жобаларына алғашқы қадамы болмақ.

ЕSА бас директоры Йозеф Ашбахер ұйымға мүше мемлекеттерге өздерінің ғарыштық активтерін бөлісуге мүмкіндік беретін «Ғарыштан еуропалық төзімділік» бағдарламасын ұсынды. Ашбахердің пікірінше, ғарыштық бағдарламаларды қаржыландыру енді қорғаныс министрліктері жүзеге асыратын болады, Еуропада бұл негізінен азаматтық министрліктердің міндеті болған.

«Ғарыштан еуропалық төзімділік» бағдарламасы Илон Масктың Starlink спутниктік байланыс желісіне еуропалық балама Iris2 және америкалық GPS-тің аналогы болған еуропалық Galileo навигациялық жүйесі сияқты жобаларды пайдаланады. Мақсатты пайдаланушылар әскери күштер, полиция және азаматтық қорғаныс қызметтері болады. Ұсыныс Бремендегі ESA министрлер кеңесінде Германия, Франция, Ұлыбритания және басқа да елдердің ғарыш агенттіктерінің басшыларымен дауысқа салынады.

– Ашбахер ірі елдерді өздерінің егеменді ғарыш активтерін бөлісуге көндіру қиын болатынын мойындады. Алайда «Еуропа үшін біздің тәуелсіздігіміз бен автономиямызды нығайту шынымен маңызды, - деп атап өтті ол.

Бұған дейін Еуроодақ қорғаныс технологияларын дамытуға 1 млрд еуродан аса қаржы бөлетінін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар