Еуропалық кеңес төрағасы Иран президентіне қатысты оқиға туралы мәлімдеме жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель Иран президенті Ибрахими Раисиге қатысты жағдай туралы мәлімдеме жасады.

«Біз Иран президенті мен сыртқы істер министрі мінген тікұшақтың күтпеген жерден қонуға мәжбүр болған оқиғаны бақылап отырмыз. Олардың жағдайы әлі белгісіз», - деді Мишель X әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.
Following closely reports that the helicopter carrying the Iranian President and the foreign minister has been forced to land unexpectedly and their condition not yet clear.
— Charles Michel (@CharlesMichel) May 19, 2024
Together with EU member states and partners, we are monitoring the situation closely.
Оның айтуынша, ЕО-ға мүше мемлекеттер мен серіктестер де жағдайды бақылап отыр.
Еске сала кетейік, Иран президенті мінген тікұшақ Әзербайжанмен шекаралас Верзеган қаласына жақын жерге апатты жағдайда қонды. Кейінірек тікұшақ құлаған жерден видео пайда болды. Адамдар президент Раиси мен оның серіктерінің денсаулығы үшін дұға етіп жатыр.
Иран вице-президенті Мохсен Мансури ел президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін қасындағы екі адам бірнеше рет байланысқа шыққанын айтты.