Еуропалық комиссия Литваға 6,3 млрд еуро бөледі

АСТАНА. KAZINFORM — Литва Еуропалық комиссиядан Еуроодақтың SAFE (Security Action for Europe) әскери бағдарламасы аясында қорғаныс жобаларын қаржыландыру үшін 6,3 млрд еуро көлемінде несие алады, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Литва ресми түрде Оттава конвенциясынан шықты
Фото: Анадолы

Бұл туралы Еурокомиссияның қорғаныс және ғарыш мәселелері жөніндегі комиссары Андрюс Кубилюс журналистерге мәлімдеді.

— 6,3 млрд еуро көлеміндегі несиенің бөлінуі — бұл тек еуропалық өнеркәсіпке ғана емес, сонымен қатар қарсыластарымызға да берілген айқын белгі. Еуропа өзінің қуаты мен егемендігіне байыппен қарайтынын көрсетіп отыр, — деді ол.

Қаражаттың негізгі бөлігі Литва армиясында мотожаяу әскер дивизиясын орналастыру шығындарына бағытталады.

Сондай-ақ танктер мен шынжыр табанды жаяу әскердің жауынгерлік машиналарын сатып алу, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін күшейту және ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы күрес құралдарын дамыту бойынша миллиардтаған еуроға келісімшарттар жасалған.

Осыдан бұрын Литва Беларусьтен ұшып келген шарларға байланысты төтенше жағдай жариялады.

Бұдан бөлек Литва президенті мінген ұшақ дронның кесірінен дер кезінде қона алмай қалды.

Соңғы жаңалықтар