Еуропалық Одақ 2026 жылы Грузияға қаржылық көмек көрсетпеуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропалық Одақ биыл Грузияға қаржылық көмек көрсеткен жоқ. Бұл 2026 жылы да жалғасуы мүмкін, деп хабарлайды ТАСС.

Еуропалық Одақ 2026 жылы Грузияға қаржылық көмек көрсетпеуі мүмкін
Фото: Pixabay

— Бұл Еуропалық Одақтың қаржыландыруды толығымен тоқтатуын білдірмейді, бірақ нақты саяси өзгеріс болмаса, келесі жылы ұлттық деңгейде айтарлықтай қаржыландырылуы екіталай, — деді Еуропалық халық партиясы Еуропарламентінің мүшесі Томаш Здечовский.

Оның пікірінше, Грузия терең саяси дағдарысқа ұшырады және 2024 жылғы парламенттік сайлаудан кейін ондағы адам құқықтарына қатысты жағдай айтарлықтай нашарлады.

Былтыр 28 қарашада биліктегі «Грузин арманы — демократиялық Грузия» партиясы Еуропалық Одаққа 2028 жылға дейін қосылу туралы келіссөзді бастау туралы талқылауды тоқтату және Еуропалық Одақ тарапынан берілетін барлық бюджеттік гранттардан бас тарту туралы шешім қабылдады. Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің сол кезде мәлімдегеніндей, Тбилиси Еуроодаққа кіру жөніндегі міндеттемелерін тек өз бюджеті есебінен орындауды жалғастыруға ниетті. 

Еске салайық, Грузия үкіметі Тбилисидегі Арсенали төбесінде үлкен әкімшілік қала салу жобасын жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар