Еуропалық Одақ елдерінде жұмыртқа бағасы өсті

АСТАНА. KAZINFORM – Еуропалық Одаққа мүше елдерде жұмыртқаның бағасы көтерілді, деп хабарлайды Kazinform Euronews арнасына сілтеме жасап.

жұмыртқа бағасы
Фото: Pexels

Еуростат статистикалық агенттігінің деректері бойынша, 2025 жылдың наурыз айында ЕО-да жұмыртқаның бағасы 2024 жылдың наурыз айымен салыстырғанда орта есеппен 6,7%-ға жоғары болған. Жылдық есеппен алғанда Чехияда бұл өнімнің бағасының өсуі 46%-дан асып отыр. Бұл – ЕО-дағы ең жоғары көрсеткіш. 

Чехиядан кейін бұл тізімде Словакия тұр. Бұл елде аталған өнімнің бағасы 30%-ға, ал Мажарстанда 26%-ға қымбаттаған. Керісінше, жұмыртқа бағасы Нидерландыда 3,6%-ға, Люксембургте 3,2%-ға және Грекияда 2,0%-ға арзандаған. 

Жұмыртқа бағасы 2025 жылдың басынан бері көтеріліп келеді. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қаңтарда баға 3,4%-ға, ақпанда 4,1%-ға өсті. 

2024 жылы 12 айдың 10-ында 2023 жылмен салыстырғанда баға өзгерісінің теріс қарқыны байқалды. Алайда бұл бағаның өсуі 2022 және 2023 жылдармен салыстырғанда аз болды. Содан кейін барлық айда – 2022 жылдың сәуірінен 2023 жылдың қыркүйегіне дейін бағаның екі таңбалы өсімі байқалды. 2023 жылдың ақпан айында жұмыртқа бағасының өсімі 2022 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 31,2%-ға көтерілген. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде жұмыртқа бағасы арзандағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар