Еуропалық белгілі саясаткерлер Қазақстан Республикасының халықаралық кеңесшілері болды

АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Халықаралық Кеңесшілер ұжымы өз қызметін бастады. Олардың кезінде еуропалық елдердің жоғарғы қызметтерін атқарғанын еске саламыз, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының ресми веб-сайты.
None
None

Бұл үшін «Халықаралық Тәуелсіз Кеңес» («Independent International Advisory Board») құрылады. Оның құрамында Польшаның бұрынғы Президенті Александр Квасневский, Еуропалық Кеңестің бұрынғы төрағасы және Италияның бұрынғы премьер-министрі Романо Проди, Испанияның бұрынғы Сыртқы істер министрі және ЕО комиссары Марселино Агирре Орейа бар.

Жақын арада ол Кеңестің құрамына Люксембургтің бұрынғы қаржы министрі мен премьер-министрі және Еуропалық Кеңестің бұрынғы Төрағасы Жак Сантер және Германияның бұрынғы Федералды Канцлері Герхард Шрёдер кіреді.

Кеңес Австрияның бұрынғы Федералды Канцлері Альфред Гузенбауэрдың төрағалығымен жұмыс істейді.
Халықаралық Консультативтік Кеңестің жоғарғы шенді қатысушылары өздерінің аса бай өмірлік және кәсіби тәжірибелерін пайдаланатын болады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Үкіметімен бірге елдің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етер кездегі стратегиясы бойынша, елдің халықаралық дәрежедегі қалпын ұстауға, халықаралық қауымдастыққа қатысты елдің мүдделерін және мақсаттарын жүзеге асыруға көмектеседі.
Кеңестің мүшелерімен арадағы тиісті келісімдерге «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма Төрағасымен және қатысушылармен арада қол қойылды.

Мұндай жоғарғы саяси құзыретке ие және осындай ауқымды мақсатттарды мойнына алған Консультативтік Кеңес - халықаралық тәжірибедегі бірегей жайт.

Кеңес ел алдында тұрған стратегиялық мәселелерді шешу үшін жағымды әсер етеді.

Соңғы жаңалықтар