Еуропалық ғалымдар Берел қорғаны мен Тамғалы петроглифтерін зерттеуге қызығушылық танытуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанда «Мәдениеттердің жақындасуы орталығын» құру бойынша жұмысты бастамақ.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Министрлік Республикалық кітап музейінің базасында «Мәдениеттердің жақындасуы орталығын» құру мәселесін қарап жатыр. Халықаралық әріптестікті дамыту мақсатында, біз шетелдік ғалымдармен байланыс орнатудамыз. Кейін бұл орталық ЮНЕСКО эгидасы аясында жұмыс істемек», - деп атап өтті А.Мұхамедиұлы министрліктің алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, осынау деңгейдегі орталық тек ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының қарары негізінде ғана құрыла алады.

«Норвегия және неміс ғалымдары Қазақстанның Берел қорғаны мен Тамғалы петроглифтері сынды тарихи ескерткіштерді зерттеуге және оны сақтауға қатысты жергілікті ғалымдардың жобаларына қатысуға қызығушылық танытуда. Қазақстан өз кезегінде шетелдік ғалымдармен осындай әріптестікке тек қолдау білдіреді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар