19:30, 26 Қазан 2022 | GMT +5
Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишель Қазақстанға ресми сапармен келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишель Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Елордалық әуежайда мәртебелі мейманды еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Сапар аясында Еуропалық Кеңес Президентінің Орталық Азия мемлекеттері басшыларымен кездесуі, сондай-ақ бірқатар екіжақты келіссөз жоспарланған.
Фото: t.me/KZgovernment