Еуропалық комиссияның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Қостанай облысында сапармен жүр

ҚОСТАНАЙ.   Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін  Қостанай  облысында     Еурокомиссия  өкілдігінің басшысы  Елші Нобер  Жюстеннің     сапары  басталды.
None
None

Дипломат  Қазақстанның  солтүстігіне гуманитарлық миссиямен  келіп  отыр.  Сапар барысында оған  зайыбы Ренее Янссен-Жюстен ханым,  ресми тұлғалар  мен  БАҚ өкілдері еріп жүр.

Н.Жюстен мырзаны    қабылдаған  Қостанай  облысының әкімі  Сергей Кулагин,  Елшіні  аймақтың әлеуметтік-экономикалық  дамуы,   перспективасы  және басқа  да    жағдайлары  туралы  хабардар етті. Елші өз  кезегінде өкілдіктің   инвестициялық ахуалды жақсартуға    және Еуроодақ  пен  Қазақстанның арасындағы  сауда-саттық қарым-қатынасын дамытуға   бағытталған    қызметі  туралы   әңгімелеп  берді. С. Кулагин Еурокомиссияның  біздің еліміздегі өкілдігінің  жұмысына   жоғары  баға беріп,    Қостанай  облысына  танытқан    ықыласы  үшін  алғыс білдірді.  Елшінің айтуынша, Қостанай  облысы     республиканың  қарқынды  дамып отырған   аймағы      және     инвестициялар салуға тартымды    өңір болып  табылады.    Ал Қазақстан  Президенті Н.Назарбаевтың  қызметін    Н.Жюстен мырза  «тамаша»  деп  атады.

Елшінің   Қостанайға   негізгі сапарларының бірі -    9 жасар  Темірлан  Қарғұлов оқитын Жітіқарадағы  №3 мектеп болды.   Темірлан   - Еурокомиссия  ұйымдастырған    гендерлік теңдік  жөніндегі   халықаралық суреттер  конкурсы жеңімпаздарының бірі.   Н.Жюстен  Темірланға     жеңіп  алған   жүлдесін -   дербес  компьютерді  табыс етті.

Ал түстен  кейін    қонақты Қостанай мемлекеттік университеті  күтуде.  Онда  студенттер мен  қала тұрғындары Еуропалық Одақ     туралы,   оның   қызметі мен  дамуы  туралы        негізгі  ақпараттармен  және әдебиеттермен танысатын  «еуропалық бұрыштың» ашылу  рәсімі   өтеді.

Соңғы жаңалықтар